- Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен ҚР ҰҚК ТД бас тергеушісі - ТЖТ басшысының Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген күдіктіні  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды, - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыстық ауруханада мұндай шешім неге қабылданғанын түсіндірді.

 - Егер бұлтартпау шарасын таңдауға негіз болған мән-жайлар өзгерсе, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы өзгертілуі мүмкін. Бұл сондай жағдай. Басты негіз ретінде өз қызметіне байланысты сотқа дейінгі тергеуге кедергі жасау мүмкіндігі болды. Қазір ол бұл лауазымға ие емес және дәлелдерге қол жеткізе алмайды. Тиісінше, біз қамауда болмағанда кедергі болуы мүмкін деп айта алмаймыз.  Оған қоса, денсаулығының нашарлауы қосымша негіз болды, - деп хабарлады облыстық сотта.

 Облыс әкімі тергеу кезінде үй қамауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда тергеу соты Болат Бақауовқа 16 наурызға дейін екі айға қамауға алуды санкциялаған болатын. Аймақ басшысы билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікке алынды. 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам