Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

 - Сағат  түнгі 2.57-де №3 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына жеткен қарауыл бастығы, аға лейтенант Е. Каримжанов аталған дүкеннің терезесінен қалың түтін шығып жатқанын анықтады. № 3 ӨСБ бірінші бөлімшесі келген кезде  оқиға орнында № 4 ӨСБ бір бөлімшесі жұмыс істеп жатты, - дейді департаментте.

Газ-түтіннен қорғау бөлімі дүкеннің есігін ашып кірген кезде  екінші қабатта қоян, тотықұс, суыр, тышқан, тасбақа, жылан сияқты ұсақ жануарлар мен құстарды сату бөлімі орналасқанын анықтаған.

Ол жерде тоңазытқыш, жануарларға арналған құрғақ қоспа,  тартылмалы төбенің жартысы жанып кеткен. Өрт шарпыған  аумақ 45 шаршы метрді құрады. 

Өрт сөндіру бөлімдерінің жедел және үйлесімді іс-әрекет етуі нәтижесінде 56 ұсақ жануар құтқарылды. Алайда, 21 жануар  түтіннен  уланып қалған.

 

Фото: облыстық ТЖД

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам