Шенеунік облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержановқа медициналық құрал-жабдықтардың тізімі мен техникалық спецификациялары бар флэш-картаны беріп, жарияланған байқауда көрсетілген тізімді флэш-картадағы тізімге ауыстыруды талап еткен.

Аманолла Қозыбаевтың мәлімдеуінше, спецификация Ерлан Ержановқа зерттеу үшін берілген. Яғни, ол өз әріптес бас дәрігерлермен қайта қарауы керек еді.

- Менің зерттеуім бойынша спецификацияда аппараттар құны асыра көрсетілген, - дейді шенеунік. - Мен спецификация мәтінін басқа облыстармен салыстырмалы түрде зерттедім. Мысалы, Қарағанды облысында өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат 11 миллион теңгеге сатып алынған. Ал бізде, яғни, Павлодар облысындағы тізімде бұл аппараттың бағасы 23 миллион теңге деп көрсетілген. Осындай салыстырмаларға сәйкес мен үнемдеу кестесін жасадым.

2019 жылы 14 тамызда Ерлан Ержанов Аманолла Қозыбаевтың талабы бойынша белгілі бір өнім берушілердің мүдделерін қолдау мақсатында әрекет ете отырып, Ереженің талаптарын бұзып, мемлекеттік сатып алу сайтына шығу үшін 14.08.2019 жылғы № 5/2-20/31 тиісті хабарламаны орналастыру арқылы көрсетілген тендерді негізсіз жойған.

Тәртіптік кеңес мүшелерінің бірауыздан шешімі бойынша, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Аманолла Қозыбаевты жұмысынан босату ұсынылды.

Айгүл Жүсіпова

Фото: pavon.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: