Бұл туралы РИА Новости РФ ТК Қиыр шығыстың көліктегі тергеу басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Ан-2 жекеменшік ұшағы алтын өндірумен айналысатын "Т-Цемент" компания тиесілі. Магаданнан ұшпақ болған ол апатты жағдайда қайта қонған. Әуе кемесінің ішінде 14 адам болған. Олар өз бетімен борттан түсіп үлгерген.

Жергілікті ТЖМ хабарлауынша, 7 адам зардап шекті. Бортта болған адамдардың бәрі ауруханада тексеруге жіберілді. Бір адам ауыр жағдайда жатыр. Тергеушілер тексерісті бастап кетті. Олар оқыс оқиғаның екі себепті болуы мүмкін екенін айтты: әуе кемесінің техникалық ақауы және ұшу ережелерінің сақталмауы.

Ұшақ чартерлік рейспен ұшып бара жатқан. Ол вахтада жұмыс істейтін жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізуі тиіс болатын.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: