2019 жылғы 4 ақпанда білім беру бөлімі мен «Ғимарат KZ» ЖШС арасында 26 880 000 теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

- Шартқа сәйкес жұмыстар 2019 жылдың 25 мамырында басталып, 2019 жылғы 25 тамызда мектеп пайдалануға берілді, - дейді Самал Қадырова. – Бірақ, 2019 жылғы 19 қыркүйекте жұмыс құнын 3 миллион 987416 теңгеге құрылыс құнының сметалық есебіне сәйкес ұлғайта отырып, қосымша келісім жасадық. Себебі қойылған есіктерді неғұрлым жақсысына және қымбатына ауыстыруды жөн көрдім.

Аудан прокуратурасы аталмыш күрделі жөндеу барысында 835531 теңгеге және 1 миллион 914139 теңгеге есік блоктарын орнату бойынша жұмыстардың екі рет негізсіз қабылданғанын анықтаған. Тексеру барысында 835531 теңге тұратын есік блоктары орнатылмағаны анықталды.

Тәртіптік кеңес мүшелері, Самал Қадырованың аудандық деңгейдегі ең үздік басшылардың бірі болып саналатыны және әріптестерінің оң пікірін назарға ала отырып жұмыс лауазымынан босатпай, сөгіс жариялауды ұсынды.

Айгүл Жүсіпова

Фото: pavon.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: