Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихаты кезінде Екібастұз әкімі Ержан Иманзайыпов, 2019 жылы атқарылған жұмыстарды санамалап өтті.

- Қалалық музейде Естай Беркімбаевтің 150 жылдығына орай көрме залы ашылды, - дейді Ержан Иманзайыпов. – Оған қоса, республикалық орындаушылардың қатысуымен «Жай қоңыр» дәстүрлі музыка фестивалі өткізілді. «Рухани қазына» жобасы шеңберінде кенташуны Қосым Пішенбаевқа мазар ашылды.

Сонымен бірге, Екібастұз аймағының киелі орындарының картасы жасалды. Аталған аймақтан Ақкөл Жайылма қалашығы мен Исабек Ишан Хазірет кесенесі республикалық киелі орындар картасына енгізілді. Облыстық тізімге «Ақ бидайық», «Әулие некрополь» және «Өлеңті жазбалары» петроглифтері енді.

Ержан Иманзайыповтың айтуынша, 2019 жылы білім беру мекемелерінде 22 «Рухани жаңғыру» инновациялық, 11 домбыра және 40 IT-кабинеті ашылды.

Сонымен бірге, «Туған жер» бағдарламасы аясында тың жоба - «Нәрестелер аллеясы» ұйымдастырылып, онда 2019 жылы 200-ден астам ағаш пен көшет отырғызылды. Аллеяны күтіп-баптау үшін арнайы мердігер ұйым белгіленді.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Рухани жаңғыру, Екібастұз, Ержан Иманзайыпов, мәдениет