- Қалада өскен балалардың ауылдық жердің тыныс-тіршілігімен танысуы үшін «100 қалалық бала ауылға барады» жобасын жүзеге асырдық, - деді Балғабай Ыбыраев. – Балалар Евгеньевка ауылына барды. Биыл да бұл жоба жалғасын табады. 2020 жылы қалаға жақын 30 шақырымда орналасқан М.Омаров ауылында мектепке жақын жерде киіз құрылады. Балалар ата-бабаларымыздың кезінде қалай өмір сүргенін сәл болсын сезінсін деген мақсатпен ұйымдастырылуда. Жаз бойы апта сайын балалар легі баратын болады.

Сонымен қатар, «Ақсу» балалар эко-техно орталығында «Qazaq Camp» киіз үй қалашығы ашылған. Ол жерде жастарға ұлттық дәстүр және қазақ халқының тұрмысын үйретіп, ұлттың тарихы және мәдениетімен, туған өлкенің қасиетті орындарымен таныстырады.

Спикердің айтуынша, «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде «Мектебіме тағзым» аймақтық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба бойынша мектеп түлектері білім беру ошақтарына материалдық көмек көрсетті. 2019 жылы шамамен 19 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

- Оған қоса, Ақсу ауылдық аймағының 10 мектебінде домбыра үйірмелері ашылды, - деді қала әкімі. – Кабинеттердің жұмысын қамтамсыз ету мақсатында демеушілер 33 домбыра сатып алуға және жабдықтауға 564 мың теңгенің материалдық көмегін көрсетті. Сондай-ақ Ақсу қаласының және ауылдық аймақтардың 12 мектебінде музей ашылды. Қалған 14 білім ордасында «Мектеп жылнамасы» бұрыштары бар.

Айта кетейік, жазғы уақытта 7-8 сынып оқушылары арасында «Қасиетті орындарға велошеру» ұйымдастырылды. Балалар Ақсу өңіріндегі киелі орындармен танысқан.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, мектеп, Рухани жаңғыру, Рухани