-  Менің негізгі міндетім - біздің мемлекеттік органымызды неғұрлым ашық ету және жұртшылықпен өзара тығыз іс-қимылда жұмыс істеу, - дейді Ілияс Құрамысов. - Біз әрқашан кез келген формада диалогқа ашықпыз. Егер бұрын қабылдау кестесі айына бір рет болса, бұдан былай күнделікті қабылдау жүргізетін боламын. Облыстың ең шалғай ауылдарына  да баруға дайынмын.

Департамент басшысы бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz аккаунты болса, енді жедел әрекет ету үшін  Instagram желісінде @depeco_pvl парақшасы мен 8(776)3206123 WhatsApp нөмірі іске қосылғанын атап өтті. Сондай-ақ 53-29-10 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.

- Тұрғындарды белсенді болуға шақырамын, фото және видео материалдарды жіберуді сұраймын, - деді  Ілияс Құрамысов.

Келесі аптада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің облыстық филиалын ашу жоспарлануда. Кеңсені «Рспубликалық экологиялық технологиялар орталығы» корпоративтік қорының директоры Марина Регатунова басқарады.

  - Бірінші кезекте салық салуға жататын зиянды заттардың тізбесін кеңейту мәселесін пысықтау қажет, - деп атап өтті Марина Стрелковская. - Өңірде шыны, сынап шламын, батареяларды және жартылай макулатураны өңдейтін кәсіпорын жоқ. Көгалдандыру туралы айтатын болсақ, көшеттерді дайындау кезеңінде және оларды бөлу орындарында бақылауды күшейту қажет.

Орталық жетекшісі ведомствоның тоқсан сайынғы есептерін жүргізуді және оларды әлеуметтік желілерде жұртшылық үшін қолжетімді етуді ұсынды.

  Ақбота Сейсенбаева

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам