Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. АҚШ-тың Техас университетін (The University of Texas) «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. МВА дәрежесін Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде (China Europe International Business School) алған, сондай-ақ құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлы ғылымдар магистрі (The Fletcher School of Law and Diplomacy, Tufts University).

Оқу кезінде жыл сайын Chevron (АҚШ), J.P. Morgan (Ұлыбритания), Citibank (Алматы), World Bank (АҚШ) сынды компанияларда арнайы ақылы тағылымдамалардан өткен.

Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі болып бастады. 2012-2014 жж. Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист болып қызмет етті. Кейін, 2017 жылға дейін магистратура бойынша білім алды.

2017 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. 2017-2018 жж. ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ал 2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

- Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадрлық резервінің үздік үштігіне енді. Жаңа қызметінде инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерімен айналысады, - деді баспасөз қызметінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы әкімдігі, саясат