- Қыс мезгілінде қатты аяздарда және қалың қар түскен кезде жануарлардың жағдайы қиындайды, - дейді аңшылықтану маманы Анастасия Сивирина. - Кейде қорек табу мүмкін болмай қалады және аштықтан зардап шегеді. Сондықтан қысқы кезеңде биотехникалық іс-шараларды жүргізу қажет. Жабайы жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар орман алқаптарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізіледі.

Маманның айтуынша, биотехникалық шараларға кіретін қармақтар құру және азықтандыру жұмыстарын аңшылық танушы және орман күзеті жүзеге асырады. 

Олар жануарлар мен аңдарға шөп пен дән, тұз салады, қайың сыпыртқыларын іледі.

Жануарлар өздерін қауіпсіз қорғалатын аумақта жайлы сезінуі және олардың саны тұрақты болуы үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биотехникалық іс-шараларды жүргізу өте маңызды.

- Тұз жануарлар ағзасындағы минералдық заттардың қорын толықтыру үшін қажет, - дейді ол. - Сондай-ақ, жануарлардың азықтандыруға келуін жеңілдету үшін жолдар ашылады. 2019 жылдың жазында биотехникалық іс-шаралар өткізу үшін 2,5 тонна шөп, 9 центнер астық, 700 дана қайың сыпыртқысы және 100 келі тұз дайындалды. Жемді орманшы инспекторлардың өздері әзірлейді. Бұл маңда 210 елік, 1491 қоян, 407 түлкі, 111 аққұлақ, 98 сусар, 155 сарыкүзен мекендейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: terenkol_aqparat

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам