Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бір және екі деңгейдегі 55 тұрғын үй 77 пәтерден тұрады. Алаңдары әртүрлі.

- «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының ауылдық аймақтарында (Кенжекөл ауылдық округі, Ленин кенті, Павлодар ауылы, Жетекші ауылы, Мойылды ауылы) жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға Әуе қалашығының 1-ЖТҮҚ ауданында коттедж түріндегі дайын тұрғын үйді сатып алу нұсқасы ұсынылады, - деді баспасөз қызметінде.

Бағдарлама тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарнасымен тұрғын үйді сатып алуға несие беруді қарастырады.

Толық ақпаратты Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3 мекенжайы бойынша біле аласыздар. Анықтама телефоны: 35-24-75.

pavlodarnews.kz

Тэги: