Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешевтің мәлімдеуінше, Қарағандыда еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмажан Әкеновті еске алуға арналған 26-шы республикалық турнир өткен.

- Турнир 2000-2002 жылы туылған жастар арасында ұйымдастырылды, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. – Жігіттер 10 салмақ дәрежесінде, қыздар 4 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Павлодар облысынан аталған жарысқа 10 спортшы қатысты.

Аталған турнирде Павлодар облысының қоржынына қос алтын медаль түсті. 52 келі салмақта кілемге шыққан Зекен Мұқышев пен 120 келіде сайысқан Ефим Труш жарыстың 1-орын иегерлері атанды.

Айта кетейік, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмажан Әкеновті еске алуға арналған турнирде Қазақстанның 9 облысынан 130 спортшы бақ сынады.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, еркін күрес, спорт