Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы серфер Джереми Джостон 18 ақпанда түсірілген кадрларын әлеуметтік желілерде бөліскен. Оның кадрларынан жыртқыштардың жағалауға жақын маңда толып жүргенін көруге болады.

Серфер суда жүзіп жүргендерге тезірек жағаға шығуын айтып, айғайлайған. Келесі күні сол жағалауға ол қайтадан тақтамен жүзуге барған.

Нью-Смирн-Бичте акуланың көптігі сонша, сарапшылар бұл маңды акулалар шабуылының астанасы деп те атайтын көрінеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: