«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Мүсілім Махмұдов айтқандай, осы күні трамваймен жиі жүретін Павлодардың бес тұрғынына бір жылға жарайтын тегін абонементтер табыс етілді.

- Nur Otan партиясымен бірлесе осындай қайырымдылық қадамын жасауды жөн көрдік. Бұл билеттер арқылы балалар мектепке немесе өздері қатысатын үйірмелерге еркін жетіп, ата-аналары қажетті жерлеріне бара алады, - деді Мүсілім Махмұдов.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ айлық билеттерге деген бағаларды түсіріп, оларды тұрғындардың әрбір санаттарына қарай бөліп сатады.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Трамвай басқармасы, Мүсілім Махмұдов, абонемент, қайырымдылық, Nur Otan