«Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі базасында өтті.

Колледждің ағылшын тілі оқытушысы Гүлмира Ахметованың айтуынша, конференция филология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған. 

- Оқушылыр мен студенттер ғылыми жұмыстарды ағылшын және неміс тілдерінде жазды, - дейді Гүлмира Ахметова. - Жұмыстар әділқазылар алдына қойылды. Конференция жұмысы үш бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, өлкетану, лингвистика және шет тілдерін оқыту әдістемесі бағыттары. Әр адам тақырып бойынша баяндама дайындайды. Лингвистикалық секцияда балалар тіл ерекшеліктеріне байланысты жұмыстарды ұсынады немесе қазақ, ағылшын және неміс тілдерін салыстырады. Өлкетану секциясында ағылшын тілді елдер туралы жұмыстар, мысалы, Канадада білім беру жүйесі немесе Ұлыбританияның әдет-ғұрыптары жайлы қорғайды. Ал, оқыту әдістемесі секциясында шет тілін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін ұсынады.

Модераторлар – С. Торайғыров атындағы ПУ, ИнЕУ, ПМПУ сияқты қаланың жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары. Сондай-ақ өзге тілде таза сойлейтін ПМУ оқытушылары мен еріктілер шақырылған.

-Үш тіл білу - біздің республикамызда өте өзекті, - дейді Гүлмира Ахметова. - Қатысушылар шет тілін үйренудің өзекті және маңызды мәселелерін көтерді. Ағылшын тілі қазақ және орыс тілдерімен салыстырғанда өте күрделі емес, бірақ бұл тілдің фонетикасы ауыр. Сондықтан осы конференцияда ағылшын тілін оқытудың ең тиімді тәсілдері ұсынылды. Ұсынылған баяндамалар студенттерге шет тілдерін әрі қарай үйренуге, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі деп ойлаймын. Барлық жұмыстар жинақталып, жинақ түрінде шығарылады. Электронды оқулық колледж сайтында жарияланады.

Айта кетерлігі, өткен жылдан бастап басқа қаланың қатысушылары өз баяндамаларын онлайн түрде қорғай алады.

Конференция қатысушыларының бірі - Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Арна Анатова.

- Конференцияға бірінші рет қатысып тұрмын, - дейді Арна Анатова. Семей қаласынан 5 бала келдік. Ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде. Конференция таза ағылшын тілінде өткізілді. Бұл біздің ұстаздық тәжірибемізді қалыптастыру үшін үлкен көмегін тигізеді деп санаймын. Сондай-ақ бізді тыңдап отырған профессорларға, ғалымдарға үлкен алғысымды білдіремін.

Шара соныңда үздік жоба иелері 5 номинация бойынша 1, 2, 3 орын дипломдарымен марапатталады.

 Айгүл Жүсіпова

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: