Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды BAQ.KZ.

Ақпаратқа сүйенсек, іс-шараны Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театр мен "Үй" қоры ұйымдастырды.

Ауыл мектебінің акт залында театр әртістері "Дорогою Добра" поэтикалық-музыкалық спектаклін, ұлы ақын Абайдың шығармаларын, қазақ әндері мен орыс, дүнген билерін ұсынды.

 Қойылым соңында зардап шеккен отбасының балаларына мектеп формасы, кеңсе заттары, театр атынан мектеп кітапханасына кітаптар табысталды.

Айта кетейік, 27 наурызда Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрда поэт Марина Цветаеваға арналған "Махаббат пен махаббат арасында" атты спектакльдің тұсаукесері өтеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: