Экология департаментінің басшысы Ілияс Құрамысовтың айтуынша, аталмыш шара өзара іс-қимыл және өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

- Швецияда шығарылған қондырғы арқылы күкірт, көміртек оксиді, азот оксиді, диоксиді, күкірт диоксиді, жалпы шаң бойынша автоматты талдау жүргізілетін болады. Кестеге сәйкес аймақтың ірі кәсіпорындары 2023 жылға дейін автоматтандырылған жүйені енгізеді. Мемлекеттік экологиялық бақылауды тиімді жүзеге асырудың негізгі элементі қоршаған ортаның сапасын зертханалық зерттеу және ластаушы заттардың мониторингі болып табылады, - деп атап өтті Ілияс Құрамысов.

2019 жылы Павлодар қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 17 дауылды ескерту жарияланған. Оның ішінде Ақсу қаласы бойынша - 11 және Екібастұз бойынша - 12.  

Бұдан басқа, 2019 жылғы желтоқсанда жергілікті бюджет есебінен 18 ластаушы заттарды ұстайтын ГАНК-4 (АР) заманауи әмбебап-тасымалды газталдағышы сатып алынды.

 

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам