Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауа райы 25 ақпанға қарай сағат кешкі тоғызға қарай бұзылады. Дауылды ескерту 27 ақпанға дейін сақталады.

- Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. 26 ақпанда кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 27 ақпанда 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 0-5 дейін жоғарылайды, - дейді департаментте.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90%.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам