Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы аталған бағдарлама өңіріміздің 18 ауылында жүзеге асырылады.

- Биыл іске асырылатын 66 жобалардың басым бөлігі көшелерді, білім беру нысандарын жөндеу мен спорттық инфрақұрылымды күшейтуге арналған, - деп хабарлайды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері. – Нәтижесінде Ағашорында мәдениет үйі, Жетекшіде дене шынықтыру кешені, аудан орталықтарында жасанды көгалы бар 5 толық өлшемді футбол алаңы, жабық хоккей корты мен жалпы ұзындығы 60 шақырым жол жөнделмек.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы аталған бағдарламаға сәйкес, Ертіс, Железин, Тереңкөл және Баянауыл аудандарында барлығы 25 жоба іске асырылды. Пилоттық негізде жүзеге асырылған жобаларға жалпы көлемі 1,4 млрд теңге қаражат бөлінген еді.

Соның арқасында, Железинка ауылындағы Қ. Əлсейітов атындағы мəдениет үйінің ғимараты толықтай ретке келтірілді. Сондай-ақ аталған ірі жобаны жүзеге асыру кезінде Ертіс пен Баянауыл аудандарында біршама іс тындырылды. Ертісте аудандық аурухананың бірінші қабаты жөнделсе, Баянауылда З. Ақышев атындағы мектеп толықтай реттелді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Ауыл - ел бесігі, инфрақұрылым, экономика