Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті.

- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткен Мәшһүр Жүсіп оқуларына облысымыздың 62 оқушысы қатысып, оның ішінде 29 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Бас жүлдеге – 4, 1-орынға – 4, 2-орынға – 8, 3-орынға –13 оқушы ие болды, - деді орталықта.

Қазылар алқасының шешімі негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...» мүшәйрасында бас жүлдені Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ділнәз Қабиденова жеңіп алды.

«Бас болып өнер білсең...» ғылыми жоба қорғауда бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Ақтоты Жомарт еншіледі.

«Білімді зерек адам болам!» - десең...» эссе жазуда Баянауыл ауданы Майқайың №2ЖОББМ 10-сынып оқушысы Назерке Әділхан бас жүлдегер атанды.

«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында (сипаттау) бас жүлде Павлодар қалалық №37 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Камила Сурумбетоваға бұйырды.

Айта кетейік, бас жүлде еншілегендер республикалық кезеңге қатысу мүкіндігіне ие болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: