Басқарма басшысы Евгений Губарев айтқандай, әйелдердің зейнетке жету жасын ұлғайту Қазақстан көлемінде 2018 жылдан 2027 жылға дейін жүргізілуде.

- Жыл сайын әйелдердің зейнет жасына жарты жыл қосылады, - дейді Евгений Губарев. – Биыл нәзік жандылар 59,5 жаста зейнетке шығады. Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту дүниежүзілік тренд.

Евгений Губаревтің айтуынша, әйел адамдардың жинақ зейнетақысы ерлерге қарағанда көбінде-көп кем болады. Оған еңбек өтіліндегі үзілістер, жалақының төмендігі секілді себептер кінәлі.

Жоғарыда аталған реформа әйелдердің осы мүддесін қорғауды көздейді.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: зейнетақы, зейнеткер, әйелдер, Евгений Губарев