Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Апелляциялық алқа "Тальго" жолаушылар пойызының бұрынғы жолсеріктеріне қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сотталушыларға шығарылған үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

2019 жылғы 25 желтоқсанда Қостанай қалалық №2 сотында пойыз жолаушысын зорлаған екі ер адамға үкім шығарылған болатын. Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды (әрқайсысы). Сот үкімі оқылғаннан кейін сотталушылардың туыстары сот залында айғай-шу шығарып, сот шешімі әділ емес екенін және айғақтардың жоқтығын айтып айғайлаған еді.

Айта кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, зорлық фактісі 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған. Жас әйел елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге "Тальго" пойызымен қайтып келе жатқан. Оның айтуынша, жолсеріктер түнгі уақытта купенің есігін кілтпен ашып, зорлық көрсеткен. Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады.

pavlodarnews.kz

Тэги: