Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламасы негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша еліміздің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
· Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады.
· Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық.
· Қазақстан бойынша гид.
· Брошюра.
· Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.
· Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:
Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:
· жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
· алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
· қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
· үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
· үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
· қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
Бакалавриат / магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі
PhD докторантура:
· жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
· алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
· қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
· үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
· үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
· қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
· қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме
· Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат:
Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
· TOEFL ITP - кемінде 138 балл,
· TOEFL IBT - кемінде 32 балл,
· TOEFL PBT - кемінде 400 балл,
· TOEFL PDT - кемінде 47 балл,
· IELTS - кемінде 4.5;
Неміс тілін меңгеру бойынша:
· DSH - Niveau В2/В2 деңгейі,
· TestDaF-Prufung - Niveau В2/В2 деңгейі;
Француз тілін меңгеру бойынша:
· TFI - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес),
· DELF - B2 деңгейі,
· DALF - C1 деңгейі,
· TCF - кемінде 400 балл.

Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: