Жастар бастамаларын дамыту ортылығы жанындағы волонтерлер орталығының жетекшісі Саягүл Серікбекқызы айтқандай, іс-шараға шамамен 100 адам қатысты. Олар: ПМПУ, Казпотребсоюз, машина жасау, түсті металлургия және басқа да колледждер студенттері.

- Қаламызда жауын-шашынның мол түсуі мен күннің жылынғаны себепті көктайғақ қаупі күшейді, - дейді Саягүл Серікбекқызы. – Осы себепті еріктілер қолына күрек ұстап, қала тұрғындарына көмек қолын созайық деп шешті. Олар бір күннің ішінде «Аль Рами» клубтық үйі, «Самал» оңалту орталығы мен облыстық Қарттар мен мүгедектер үйінің секілді алты мекеменің аумақтарын қардан тазалап шықты.

Одан өзге, «Ардагер тайм» жобасы аясында жастар әрі қарай ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жалғызбасты зейнеткерлер мен көмекке зәру өзге де жандардың үй аулаларын қардан тазалауды көздеуде.

Айбек Жұматов

Фото: Instagram желісіндегі crmi_pvl парақшасынан

pavlodarnews.kz

Тэги: Еріктілер жылы, волонтер, қайырымдылық, қар, қыс