Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 11.30-да № 17 өрт сөндіру бекетінен 35 шақырым қашықтықта «Ербол» фермерлік шаруашылығы аумағында 1994 жылғы күзетшінің денесі табылды.

- Алдына ала болжам бойынша, ер адам мас күйінде төсекте темекі тартқан. Нәтижесінде матрас тұтанған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына 2 адам мен бір техника шықты, - дейді департаментте.

Сондай-ақ Павлодар қаласында Павлов көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары көрші пәтерден жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы хабарлаған. Дереу оқиға орнына жедел құтқару жасағы қызметкерлері мен учаскелік инспектор жетті. Есікті ашқан сәтте 1981 жылғы ер адамның денесі анықталып, 102 қызметіне тапсырылды.

Бұдан басқа, сағат 03.31-де Екібастұз қаласында Бауыржан Момышұлы көшесінде «Rio Food» дүкеніне жапcарлас салынған тамбурдың 2 шаршы метр ішкі жабындысы жанған. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алған. Оқиға орнында жұмыс істеген сегіз адам мен екі техника өртті 20 минуттың ішінде сөндірді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам