- Үкімет шағын және орта бизнес пен кәсіпорындарды қолдау шараларын жариялады, - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов. - Қаржылық шығындар болады. Біз кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Мысалы, құжаттамалар бойынша көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар.

Спикер, «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша павлодарлық кәсіпкерлерге 6,7 миллиард теңге бөлінгенін еске салды.

- Аталмыш бағдарламаларға салалық шектеулер әлсіз болғандықтан, сомалар ұлғайтылып, мәлімделген жобалар көп болады деп үміттенеміз, - дейді Сәкен Шаяхметов. - Қазірдің өзінде 38,8 миллиард теңгеге «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 141 жоба бар. Оның 82-і мақұлданды. Кәсіпкерлер белсендірек болады деп сенеміз.

Облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнес үшін төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және ТЖ режимінде өсімді есептемеу сияқты жеңілдіктер жоспарланғанын атап өтті.

- Өңірде жүйелі жұмыстан босату, жұмыс орындарын қысқарту жоқ, уақытша тоқтату бар, - деп нақтылады спикер. - Бизнес осы мәселемен күресу үшін әртүрлі шешімдер қабылдайды. Уақытша жұмыссыз болып қалатын немесе кейіннен жұмыссыз қалуы мүмкін адамдарды қолдау үшін нақты шаралар пакеті әзірленеді.

Айта кетейік, облыста 45 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Онда 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Айтуар Тулеутай 

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: