Облыстық ТЖ департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының мәлімдеуінше, Шұға ауылына кірме автомобиль жолының төсемінде су өткізу құбырларының басын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру барысында Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені» жол картасы шеңберінде сеніп тапсырылған учаскеде жүргізілетін алдын алу шаралары туралы баяндады. Аудан басшысы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жағдайына күштер мен құралдардың дайындығы жөнінде ақпарат берді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары аудандағы су тасқыны жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды және қысқа мерзімде қардан тазалау және су өткізгіш құбырлардың басын орнату жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Айта кетерлігі, «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, Сілеті су қоймасы ауданында өткен жылмен салыстырғанда қар қоры 2 есеге, нормадан 50%-ға артық. Бұл Ақтоғай ауданының елді мекендері үшін жағымсыз әсер етуі мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам