Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және қызмет алушылардың денсаулығын қорғау мақсатында АӘК тағайындауға құжаттарды қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі.

- Алдымен қауіпсіздік мақсатында қағаз түрінде құжаттарды қабылдау барынша азайтылады, - деді басқармада. – Екіншіден, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе қалалардың, аудандардың ауылдық округтерінің әкімдіктері өтініш беруші тарапынан жалған мәліметтерді жою үшін тұрғылықты жерін, отбасы құрамын, отбасының табысын нақтылау мәніне 2020 жылдың 2 тоқсанына әлеуетті АӘК алушыға қоңырау шалуды жүргізеді.

Үшіншіден, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары және/немесе қалалардың/аудандардың ауылдық округтерінің әкімдіктері АӘК тағайындауға құжаттарды қабылдауды жеке, шақыру уақыты мен күні бойынша жүзеге асыратын болады.

Төртіншіден, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына және/немесе қалалардың/аудандардың ауылдық округтерінің әкімдіктеріне барған кезде өтініш берушілер жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс (маска, антисептик);

Бесіншіден, АӘК тағайындаудың барлық мәселелері бойынша аталан органдардың телефондары,  электронды пошталары арқылы хабарласу керек.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: