- Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты азаматтарға өз қауіпсіздігі мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге, балалардың тұрғынжайдан тыс жерлерге шығуын азайтып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды жұқтырудың алдын алу жөніндегі ұсынымдарын сақтауға кеңес береміз, - деп еске салады департаментте.

Полция департаменті сабырлық сақтауға, негізсіз фактілер мен фейктік жарияланымдарға ден қоймауды сұрайды. Мұндай жалған ақпарат таратқаны үшін 1000 АЕК дейінгі айыппұл түріндегі қылмыстық жауаптылық немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген.

ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 23.00-ден сағат 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы, сондай-ақ, заңды өкілдерінің жүруінсіз сағат 22.00-ден сағат 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салынған. Аталған талаптарды орындамау Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тартуды көздейді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам