Бұл туралы tengrinews.kz "Известия"-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Вакцинаның алғашқы сынамасы вирустың генетикалық жүйелілігі пайда болғаннан 60 күннен кейін ғана басталды. Біз зерттеушілерге тәжірибеден өткен дәрілерге жүйелі түрде баға беруді ұсынамыз", - деді ол.

ДДСҰ басшысы әлем вирусты жеңетініне сенетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастағаны хабарланған. Бүгінде бірнеше мемлекет вакцина әзірлеумен айналысып жатыр. Мәселен, Италия бір апта бойы жануарларға арналған дәрі-дәрмек сынағын бастауды жоспарлап отыр.

Күні кеше Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды. "Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: