Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 94,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль өндіру екі есеге өсіп, 11 136-ға жетті. Автобус техникасын шығару (207 көлік) қаңтар-ақпан айларында 80 пайызға артты. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (1 091) 7,3 есеге өскен.

Биыл Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Hyundai (2 138 көлік), Lada (1 986), KIA (1 105), Ravon (912) және JAC (107) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Skoda (92 көлік сатылды), Chevrolet (72) пен UAZ (35) бар екенін атап өткен жөн.

pavlodarnews.kz

Тэги: