«Сталин туы» деп аталған газет 1939 жылы шағын форматты екі бет болып басыла бастаған. Қазіргі таңда «Шамшырық деп аталатын газетте «Спорт», «Денсаулық», «Әдеби қауырсын», «Мемлекеттік бағдарлама», «Мәслихат мінбері» деп аталатын 6 айдар бар.

- «Шамшырақ» газеті мықты журналистерді шыңдап шығаратын үлкен шеберханаға айналды, - дейді газет тілшісі Мейрамбек Қызырұлы. - Еңбек жолын осы газет табалдырығын аттап бастаған азаматтар бұл күнде республикамыздың әр жерінде жауапты қызметте жүр. Жаңа ғасырдың 20-шы жылын бастап отырған газет ұжымы әлі де тың ізденіспен, халықтың жанайқайын, мұң-мұқтажын жеткізу мақсатында жергілікті биліктің мемлекеттік бағдарламарды жүзеге асыру барысын қалың оқырманға дер кезінде жеткізіп отыруға бар күшін салады.

 Газеттің мерейтойына басылымның ардагерлері, әріптестері және тұрақты оқырмандары шақырылды.

 Қонақтар үшін мәдениет үйінің кіре берісінде газеттің тарихына арналған көрме ұйымдастырылды.

 Экспозицияға газеттің алғашқы нөмірлері, басылымның бастауында тұрған тұлғалардың фотосуреттері және 80 жылдық тарихтың шежірелік құжаттары қойылды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Май ауданы әкімдігінен

pavlodarnews.kz

Тэги: