Бұл іспен алты адам айналысады.

- Бірнеше рет қолдануға болатын екі қабатты бетперделерді біз түрлі түсті мақта матадан тігеміз, - дейді кәсіпкер. - Жалпы, ательеде ұлттық киім мен тоқыма декорына баса назар аударамыз. Бірақ қазір ел мен әлемде коронавирустық инфекцияға байланысты бетперде киюдің өткір қажеттілігі байқалып отырғандықтан, жеке қорғаныс құралын тігуді қолға алуды шештік.

Гүлперизат Өтебаеваның айтуынша, балабақшалардан, мектептен және ГРЭС-1-ден көп тапсырыс келіп түседі.

Ересек адамға бір бетперде құны - 300 теңге, ал балалар үшін - 250 теңге.

Бетперделерді көп рет қолдануға, жууға және үтіктеуге болады.

Гүлперизат Өтебаева – «Бастау» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Бес жыл бұын ол оқу оқып, бизнесті дамытуға грант алды.

Кәсіпкер алғашқы жылдары үйде тігуді бастағанын айтады. Өйткені кішкентай балаларын қалдыратын адам болмаған. Көпбалалы ана екінші жыл ғимаратты жалға алып, ателье ашып, тігетін тауарлардың ассортиментін кеңейтті және тапсырыс қабылдай бастады.

- Қазір елімізде той және басқа да мерекелерді өткізбеуді ұсынылуына қарамастан, халық қыз ұзату заттары мен қоржындарға тапсырыс жасайды, - дейді ол. - Кеше бір қалыңдық тойды кейінге қалдыруға тура келгендіктен, өзінің дайын тапсырысын алып кетуге көңіл-күйсіз келді. Ал, тапсырысын көрген кезде көңілі көтерілді. Мен жақын арада бәрі жақсы болып, халқымыз бұрынғыдай өмір мен мерекелерге қуанышпен қарайды деп үміттенемін.

Айтуар Тулеутай

Фото: Гүлперизат Өтебаеваның жеке мұрағатынан

pavlodarnews.kz

Тэги: