Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мекеменің бірінші қабатында орналасқан электрқалқанда жанусыз сымдардың тұйықталуы орын алған.

- Хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 16.23-те түсті. Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін 48 бала мен 25 ересек адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ, - дейді департаментте.

Оқыс жағдайдың орын алуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына 13 адам мен төрт техника тартылды. 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам