Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Камалова мәлім етті.

- Басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 ұйым бар, - деді Гүлнар Камалова. – Оның бесеуі – стационарлық үлгіде. Бұл – Павлодар мен Ақсу қалаларындағы қарттар үйі, Шалдай мен Мичурин ауылдарындағы психоневрологиялық орталықтар және Павлодар қаласындағы психоневрологиялық балалар орталығы. Ал, жартылай стационарлық үлгіде 3 ұйым бар. Оның екеуі – оңалту орталықтары. Нақтырақ айтатын болсақ, Зеленая рощадағы ардагерлер үйі, Павлодар қаласындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту орталығы. Сондай-ақ мейірімділік ұйымы да жалпы үлгідегі орталық болып қосылды.

Спикердің айтуынша, стационарлық үлгідегі ұйымдарда жұмыстар жалғасын табады. Алайда, стационардағыларға келушілерді қабылдамайды, іштегілер сыртқа шықпайды. Ал, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар толық жабылған.

- Мұндай шешім коронавирус пандемиясын болдырмау мақсатында қабылданып отыр, - деді Гүлнара Камалова. – Стационарлық үлгідегілерде жұмыс толыққанды жүргізілуде. Жартылай стационарлықтарда жұмыс тоқтатылды. Ата-аналармен кеңес өткізілді. Олар төтенше жағдай кезінде түсіністік танытты. Қызметкерлері қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қажет еткендерге демалыс берілді.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: