Павлодар қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, шаһардағы дәріханаларға бетперделер жеткізілуде.

- Бетпердеге қажетті «Нефтехим LTD» серіктестігіне жеткізіледі. Сол орында тігіліп, «Мерусар» компаниясына залалсыздандырылуға жіберіледі. Бүгін 7 дәріханаға 7250 бетперде жеткізілді, - деді қалалық әкімдікте.

Бүгін 60 теңгеден бетперде сатып алуға болатын дәріханалар: «Алвит» ЖШС – Бейбітшілік көшесі, 54/3 (1000 дана), Мухаметшина ЖК – Қамзин көшесі, 72 (1000 дана), «Булат-фарм» ЖШС – Бестужев көшесі, 6 (1250 дана), «Керей-Фарм» ЖШС – Гагарин көшесі, 89/2 (1000 дана), «Изида» ЖШС – Лермонтов көшесі, 45 (1000 дана), «Глория Фарм» – Сәтбаев көшесі, 17 (1000 дана), Шатоба ЖК – Назарбаев даңғылы, 18/1 (1000 дана).

- Келеңсіздіктерді болдырмау үшін бір тұтынушы 5 бетпердеден артық сатып ала алмайды, - деді әкімдікте.

Дәріханалардың бетпердемен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат қалалық әкімдіктің Instagram-дағы @akimat.pavlodar парақшасында күн сайын жаңартылып отыратын болады.

Оразбек Саяхат
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: