Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Оның айтуынша, әзірге блок бекеттер арқылы зат алысуға болады.

«Мен осы жерде тұрғанда 60 жастағы адам келіп 80 жастағы анасына Талғар қаласына дәрі беруі керектігін айтып өтініш жасады. Бұл дәрілер сол жақтағы дәріханаларда жоқ екен. Мұндай жағдайда әрине, біз түсіністікпен қарап, тауарды беріп жібереміз», - деді ол.

Оның айтуынша, блок бекеттері арқылы белгілі бір себептермен қаладан тыс қалған балаларды да өткізуге болады.

«Тек қана балалар емес. Ересектер де бар. Мысалы, ауруханадан шыққан Алматы облысының тұрғындары өтіп жатыр. Яғни, 100 пайыз өткізбейді деген түсінік жоқ. Бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарауға тырысып жатырмыз», - деді Жандос Мұраталиев.

Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіріп-шығуға мүлде тыйым салынады. Сол уақыттан бастап шаралар күшейтіледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: