Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазіргі уақытта ел Үкіметі халықаралық авиақатынастардың жабылуына байланысты ең алдымен, Польша, Грузия және Әзербайжаннан ҚР азаматтарын қайтару туралы шешім қабылдады. СІМ қазақстандық азаматтарды қайтаруды ұйымдастыру барысында басқа мемлекеттік органдармен тығыз үйлесімді жұмыс атқаруда. Қазақстандықтардың үйге қайтып оралуын Air Astana және Scat авиакомпаниялары төмен бағамен рейстерді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Мәскеу қаласының «Внуково» әуежайындағы 30-ға жуық қазақстандықты елге қайтару мәселесі шешілуде. Олардың қолында билеттер бар, ұшу уақыты бойынша SCAT авиакомпаниясымен келісу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Ресейдің басқа да қалаларынан азаматтарымызды қайтару бойынша қиындықтар бар. Атап айтқанда, Омбыда 26 адам, Новосібірде 8 адам, Екатеринбургте 11 адам, Барнаул, Самарада 10 адам және Челябі, Орынбор сынды қалаларда бірнеше адам Қазақстанға қайта алмай отыр.

«Қазір Бішкек қаласында Атыраудан келген бір топ азаматымыз бар. Олардың арасында ерекше тасымалдау шарттары талап етілетін ДЦП диагнозы бар балалар болғандықтан, бұл жағдайда Қорғаныс министрлігінің авиациясы пайдаланылатын болады», - деді Айбек Смадияров.

pavlodarnews.kz

Тэги: