Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбай мәлім етті.

-    Жұма күні таңертең орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Павлодар  облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы  бастаған қалалық мешіт имамдары  бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп дұға жасады. Аталмыш шара  алдымен қаладағы «Қарилар даярлау орталығы» медресесінің шәкірттері түсірген Құранға  Хатым  оқылып,  дұға бағыштаумен басталды, - деді Амантай Тойшыбай.



Амантай Тойшыбайдың айтуынша, дұғада еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, мешіттерімізді жамағатқа толтырып, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тіледі.



Дұғадан соң   бір қой құрмалдыққа  шалынып, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сабырлылық танытып, сақтық шараларын қатаң сақтау туралы насихаттар айтылып, дін қызметшілері қоғам тыныштығын сақтау жолында аянбай қызмет етуге пәтуаласты.

pavlodarnews.kz

Тэги: