Бұл туралы облыс орталығының әкімдігінде хабарлады.

-    Ауданы екі мың шаршы метрден асатын барлық ірі сауда үйлері жабылуда, - деді қала әкімдігі. - Тек азық-түлік бөлімдері жұмыс істейді.

Бүгіннен бастап жұмыс істемейтін сауда үйлері:

- Batyr mall сауда-ойын-сауық орталығы (Greenwich гипермаркетінен басқа)
- «Артур» сауда-ойын-сауық орталығы
- Bayanmall сауда-ойын-сауық орталығы
- «Квазар» сауда үйі
- «Тұлпар» сауда үйі
- «Старый город» сауда үйі
- City Center сауда үйі
- «Арман» сауда үйі
- «Манақбай» сауда үйі (азық-түлік бөлімдерінен басқа)
- Аtrium сауда үйі (Greenwich супермаркетінен басқа)
- Miras сауда үйі (Greenwich супермаркетінен басқа)
- «Гулливер» сауда үйі (азық-түлік бөлімдерінен басқа)
- «ОӘД» (ЦУМ) сауда үйі
- «Жаңа ОӘД» (Новый ЦУМ) сауда үйі
- «Керуен» сауда үйі (азық-түлік өнімдерінен басқа)

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, тізім толықтырылатын болады.

Бірінші қажеттілікке жататын азық-түлік тауарларының бағасының өсуі туралы +7 (747) 506-15-94 (WhatsApp) арқылы хабарлауды сұрайды. Сондай-ақ Direct бойынша @akimat.pavlodar немесе @op_i_sh парақшаларына жазуға болады.

Бірінші қажеттілікке жататын өнімдер: нан, күріш, ұн, қарақұмық, сиыр еті мен тауық еті, сүт, айран, сүзбе, жұмыртқа, май және күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, қант және тұз.

pavlodarnews.kz

Тэги: