Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, тұтқындар жасақ басшыларына ел тұрғындарын осындай ерекше түрде құттықтауға өтініш білдірген.

Олар ақындардың шығармаларын армян, әзербайжан, өзбек, тәжік, қырғыз, орыс және қазақ тілдерінде оқыды.

-    Сотталушы Армен өзінің ана туралы армян тілінде өлең оқыды, ал 23 жастағы Худайберды өз Отанына деген сүйіспеншілігі туралы өзбек тілінде оқыды, - деді департаментте. – Әзербайжанның халық ақыны Бахтияр Вагабзадэнің еңсені түсірмеуге шақырған өлеңдері де тыңдалды. Сотталушы Бахтиёр тәжік ақыны Саади Широзидің Наурыз туралы шығармасын оқыды.

Айта кетейік, облыстағы ҚАЖ мекемелерінде 35-тен астам ұлт өкілдері жазасын өтеуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: