Бұл туралы ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай, Алматы қаласының бірнеше нүктесінде ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануына жоспардан тыс өлшеу жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялауына және карантиннің енгізуіне байланысты Алматы қаласында алғаш рет автомобиль көлігінің саны айтарлықтай төмендеді. Осылайша Алматы қаласында атмосфералық ауаның негізгі ластану көзін анықтауға мүмкіндік туды. Жылу электр орталығының жалпы қала ауасының сапасына қаншалықты әсер ететінін және Алматы қаласындағы көлік көп жүретін көше қиылыстарындағы ауаның ластануын анықтау мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен «Қазгидромет» РМК 20 наурыздан бастап карантин бойы және ол аяқталғаннан кейін бір ай бойы келесі нүктелерде ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануына жоспардан тыс өлшеу жүргізетін болады: Саяхат автовокзалы ауданында; Тастақ базарының ауданында; ЖЭО-2 санитарлық-қорғау аймағының шекарасында«, - делінген министрліктің Telegram-парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, талдау синоптикалық жағдайды ескере отырып жүргізіледі. Сондай-ақ жоспардан тыс өлшемдерден бөлек ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің ауаның ластануын бақылау бекеттеріндегі датчиктердің деректері қолданылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: