Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңір басшысының жаңа орынбасары агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, су ресурстары мен азық-түлік бағалары мәселелеріне жауап береді.

-    Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа орынбасарды таныстырып, Асаин Байхановтың басқарушылық тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тіледі. Ал, бұған дейін бұл қызметті атқарған Алмас Батановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады, - деді баспасөз қызмтінде.

Асаин Қуандықұлы Байханов Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келген. Жасы 42-де. Үйленген. Төрт баланың әкесі. 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған. Асаин Байханов Екібастұз қаласындағы кредит сарапшысы ретінді тағылымдамадан бастап, EBRD Бағдарламасының Алматы қаласындағы бас офисінің жаңа банк продуктілерін енгізу бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. Осы аралықта Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылған түрлі оқыту семинарлары мен көпдеңгейлі білім беру бағдарламаларынан өткен.

2003 жылдан 2007 жылға дейін «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған. 2007 жылы А. Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлы сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс жасаған.

2009-2015 жалдар аралығында жеке секторға ауысып, ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, Алматы және Алматы облысында логистика мен жүк тасымалы бойынша бірқатар нәтижелі бизнес-жобаларды іске асырған.

2015 жылдан бүгінгі тағайындалуына дейін «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болған. Бұл аралықта ауылшаруышылығындағы түрлі мемлекеттік бағдарламаларды өзгерту және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс топтарында жұмыс істеп, оларды басқарған.

pavlodarnews.kz

Тэги: