Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығының (БАӘ) дипломаттары азаматтарымызды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 20-21 наурызда туристерімізді Дубай - Алматы (2 рейс) және Дубай - Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстерге отырғызуды жүзеге асырды», - делінген министрлік ақпаратында.

Мәлім етілгендей, дипломаттардың күшімен аталған рейстерге БАӘ-де жүрген өзге жолаушылар да отырғызылған.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінда 463 азаматымыз елге оралды. Бас консулдық қалған отандастармен тұрақты байланыста және оларға қажетті көмек көрсетуде», - деді ведомстводан.

pavlodarnews.kz

Тэги: