Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты театрда жоспарланған қойылымдар өтпейді. Сәйкесінше, дайындық та жоқ. Соған қарамастан 4-5 қызметкер бірігіп, елге пайда тигізу мақсатымен медициналық бетперде тігуді қолға алды.

Осылайша, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырмасымен театрдың тігін шеберханасы уақытша жұмыс бағытын өзгертті.

"Өнер ордасы елде болып жатқан қиын жағдайлардан қалыс қала алмады. Бүгінде бетперделерге сұраныс артқаны белгілі. Соны ескеріп, театр қызметкерлері медициналық бетперде тігетін шағын өндірісті қолға алды. Оған қажетті шикізат ретінде реквизиттерден қалған маталар пайдаланылуда", - деді басқарма басшысы Ернұр Дәуенов.

Қазіргі кезде олар 400-ден астам бетперде тігіп үлгерген. Өнер ордасының өкілдері бұл маскаларды театр ұжымына және мәдениет саласының ардагерлеріне тегін таратуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk