Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олимпиадаға дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден, жалпы білім беретін ауылдық  мектептерден 700-ге жуық психолог қатысты.

Шараның негізгі мақсаты - шығармашыл психологтарды анықтау және қолдау.  

Олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық психологтар 32 жүлделі орынға ие болды.

1-орынға ие болғандардың бірі  - педагог-шебер, № 8 дарынды балаларға  арналған мектеп лицейінің психологы Рима Абигузина.  Еңбек өтілі – 11 жыл. Үш баланың анасы.

-  Маған түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысу өте ұнайды, - дейді Рима Абигузина. - Жұмыс барысында көптеген конкурстарға қатыстым. Өйткені бұл маған психолог ретінде өзімді дамытуға көмектеседі. Балаларға деген махаббат - психологтың жұмысындағы басты қасиет және мен өз жұмысымда  осы қағиданы ұстанамын.  Үйде отырып,  балаларды тәрбиелеумен және дамытумен айналысамын. Түрлі  байқауларда өзім ғана емес, мектеп оқушылары да өте белсенді қатысады.

Ол оқушыларымен бірге психология және медицина саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түрлі форумдарға қатысады, ғылыми мақалалар жазады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам