Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, саманнан тұрғызылған үш бөлмелі үйдің ас ішетін және қонақ бөлмесінде жиһаз жанған.

- Өрт сөндірушілер 1961 жылғы үй иесінің күйіп кеткен денесін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйінде шылым шеккен. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына бір техника мен жеті адам шықты, - дейді департаментте.

Сондай-ақ сағат 06.29-да Ақсу қаласында Береговая көшесіндегі тұрғын үй аумағында кірпіш көлікжайдың ағаш төбесі жанып, опырылып түскен. Тілсіз жау қасындағы металл көлікжайда тұрған 60 шаршы метр аумақтағы отынды шарпып өткен.

Оқыс жайт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан. Өртті сөндіруге жеке құрамнан алты адам мен бір техника жұмылдырылды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам