Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 16.10-да Лермонтов жағажайында бес бала мұздың үстінде серуендеп жүрген. Сол жерде жұмыс істеп жүрген екі адам мен бір техника балаларды дереу құтқару қызметіне жеткізіп, полиция қызметіне тапсырды, - дейді департаментте.

Жыл басынан бері мұз үстінен 13  кәмелетке толмаған жеткіншек құтқарылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында апта сайын демалыс күндері облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері мұз астынан балық аулау әуесқойларымен қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде.

Көктем мезгілінің басталуына байланысты мұздың құрылымы өзгереді. Бүгінде мұздың қалыңдығы орташа есеппен 40-45 см құрайды.

Ең үлкен қауіп ағысы бар су айдындары болып табылады.  Оның ішінде Ақсу қаласынан Павлодар ауданының Ребровка ауылына дейінгі Ертіс өзенінің учаскесі, сондай-ақ Шандықсор көлінің жанындағы ГРЭС-2 кәсіпорнының техникалық су қоймасын  атап өтуге болады.

 Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам