«Квазар», «Артур» және жәрмеңке кешені қазіргі таңда қалай жұмыс істейтіні туралы аталмыш сауда үйлері әкімшілігінің өкілі Валерий Филяев айтып берді.

- ҚР Үкіметі бекіткен жұмыс регламентіне сәйкес, елдегі төтенше жағдай режимі кезінде сауда үйлері 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, - дейді Валерий Филяев. - Жалға алу төлеміне келетін болсақ, біз оны сәуір айынан бастап 10 пайызға көтеруді жоспарладық. Бірақ төтенше жағдай режиміне байланысты оны көтермейміз. Сонымен қатар, жалға алушылардан жалдау бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін өсім алынбайды. Оған қоса, жоғары жалдау ақысын төлеп үлгергендерге басқа айларға қайта есептеу жасалады.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта сауда нүктесінің санатына байланысты айлық жалдаудың орташа құны бір шаршы метр үшін 2400-ден 3500 теңгеге дейін өзгереді.

Сондай-ақ сауда үйлері әкімшілігінің өкілі жақында қала әкімдігінен жалға беруді азайту туралы ұсыныс түскенін және бұл мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.

Айтуар Тулеутай 

Фото: Роза Мустафина 

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс өңірі ТЖ