Баянауыл ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, аудан бойынша барлық ауылдық округтерге «ӘКК Павлодар» акционерлік қоғамынан төмен бағада азық-түлік тауарларын жеткізу ұйымдастырылды.

- Халықтың сұранысы бойынша 50 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік: ұн, күріш, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, жұмыртқа жеткізілді, - деді әкімдікте.



Сонымен қатар, кәсіпкерлер де акцияға атсалысты. «Қайырымдылық» акциясы аясында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан 17 отбасыға азық-түліктей және 188 мың теңге (азық-түлік алу үшін)  ақшалай көмек көрсетілді.

- Майқайың кентінің тұрғыны, «Гравелит» ЖШС бас директоры Тимур Кабдулов 30 тонна картоп пен 8,5 тонна сәбізді төмен бағамен жеткізді. Картоп 50 теңге, сәбіз 70 теңге бағамен сатылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады, - деді аудан әкімдігінде.



Оған қоса, Майқайың кентінде 74, Баянауыл ауылында 29 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді. Мұндай жұмыстар Ұзынбұлақ, Жаңатілек, Қаратомар және Күркелі ауылдық округтерінде жалғасып, еріктілер мен шаруа қожалықтары бірлесіп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге азық-түлік жиынтықтарын алып берді.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk